Маңғыстаулық азамат әлеуметтік желілер арқылы діни экстремизмді насихаттаған
Маңғыстау полицейлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында діни экстремизмді насихаттаған жергілікті тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 3 наурызда Маңғыстау облысының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында деструктивті діни ағымды ұстанатын азаматтың «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни экстремизмді насихаттап, ақпарат жариялағанын анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау қаласының 33 жастағы тұрғыны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігіне (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнiмiн Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жолданды.