Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада “Назар аудар, бағдаршам!” жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде

25 наурыздан бастап қала аумағында “Назар аудар, бағдаршам!” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.

Іс-шара аясында тәртіп сақшылары қала мектептерінің оқушылары арасында “Жүргізуші, менің өмірімді сақта!” тақырыбында ең таңдаулы сурет, шығарма және бейнероликтер сайысын өткізді.
Бейнероликтер, суреттер мен шығармалар арқылы елордалық оқушылар жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, жылдамдық режимін шектеу туралы өтініш білдіріп, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қиылыстарда абай болуды сұрады.

Биылғы жылдың екі айында елордада кәмелетке толмағандардың қатысуымен 68 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда екі бала түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру