Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада кәмелетке толмаған баланы тонаған жасөспірім ұсталды

Қызылордада 17 жастағы жасөспірім кәмелетке толмаған баланың ұялы телефоны мен қол сағатын, сондай-ақ 2000 теңгесін тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуынша, белгісіз біреулер Орталық алаңдағы бір ғимараттың жанында баласын ұрып-соғып, қолындағы “Самсунг S20” маркалы ұялы телефонын, “Радо” маркалы қол сағатын және 2000 теңге ақшасын тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 310 мың теңге.

Полицейлер өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 17 жастағы тұрғыны ұсталды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру