Семей тұрғынының қалтасына қол салған азамат ұсталды
Семей қаласында қонаққа келген азамат үй иесінің ұялы телефоны мен ақшасын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының соңында Семей қаласының ПБ Затон полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 47 жастағы қала тұрғыны хабарласып, күртешесінің қалтасынан ақша қаражаты мен ұялы телефоны ұрланғанын айтты. Сол күні оған бейтаныс адам қонаққа келген. Келтірілген материалдық шығын 48 000 теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік полиция инспекторлары осы қылмысты жасауға қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті ұрланған мүлікті сатып жібергенін, ал ақшалай қаражатты өз қажеттілігіне жұмсағанын айтты.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.