Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтау полицейлері жезөкшелікпен айналысқан 45 қызды анықтады

Адам саудасына қарсы күрес және онымен байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында Маңғыстау облысының аумағында 2021 жылғы 24-26 наурыз аралығында «Стоп-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын алу іс-шарасының нәтижелері бойынша криминалдық полиция қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырудың немесе ұстаудың және жеңгетайлықтың бес фактісін және кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір фактісін анықтады.

Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде монша кешендерін, жалдамалы пәтерлерді тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тиісудің 31 дерегін, көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар берудің 3 дерегін әшкереледі.

Рейдтер барысында ұсталған Өзбекстан Республикасының төрт азаматшасы қабылдау-тарату орнына орналастырылды, олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру