Жамбылда “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы қорытындыланды
Жамбылдық полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 12-18 наурыз аралығында Жамбыл облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Рейдтік іс-шаралар барысында Жамбыл облысының ПД қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтап, олардың жолын кесті, көп пәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулаларында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзу деректеріне ерекше назар аударды.
Жеті күннің қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері 72 қылмысты, сондай-ақ бұрын жасалған 23 қылмысты ашты.
Тыйым салынған заттарды сақтаудың немесе алып жүрудің 30 дерегі анықталды, оның ішінде есірткіні заңсыз сақтаудың 15 дерегі, тіркелмеген қаруды алып жүрудің 11 дерегі және суық қару мен оқ-дәрілерді алып жүрудің 2 дерегі анықталды.
Іздеуде жүрген 23 қылмыскер мен 13 заңсыз мигрант ұсталды.
4 863 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішудің 499 дерегі, ұсақ бұзақылықтың 417 дерегі, тұрмыс саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасаудың 106 дерегі, қорғау нұсқамасын бұзудың 26 дерегі бар. Ата-аналар мен басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 38 адам, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болғаны үшін 352 адам жауапкершілікке тартылды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарға қатысты 2 069 әкімшілік хаттама толтырылды. Заңсыз айналымнан 19 бірлік қару тәркіленді. Іс-шара барысында деструктивті діни ағымдарды ұстанатын 1079 азамат тексерілді.