Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер құдалық өткізіп жатқан дәмхананы анықтады

Елімізде коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген шектеулер аясында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Еңбекші ауданы аумағында орналасқан дәмханалар мен мейрамханаларға тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру барысында Тәуке хан даңғылы №193 үйде орналасқан «Семь бочек 777» дәмханасында карантиндік талаптарды сақтамай, 50 адамға арналған құдалық өткізіліп, келесі кабинкада 25 адамға арналған салтанатты жиын өткізіп жатқаны анықталды.

Сонымен қатар дәмханаға келушілердің дене қызуын өлшеу жүргізілмегендігі, қызметкерлердің дәмхана ішінде бір реттік бетпердесіз жүргендігі анықталды.

Анықталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру