Тараз тұрғыны көші-қон қызметінің қызметкерлеріне алғысын білдірді
Жамбыл облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиевтің атына Тараз қаласының тұрғынынан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғыс білдірген азаматша мен оның жұбайы Қазақстан Республикасына 2011 жылы екі баласымен көшіп келген. Он жыл ішінде олардың туу туралы куәліктері жоқ тағы төрт баласы дүниеге келген. Ол осы мәселені шешу үшін Жамбыл облысының ПД КҚҚБ аға инспекторы Арай Айымбекке жүгінген.
Арай Данабекқызы көпбалалы ананың жағдайын түсініп, оның төрт баласына туу туралы құжаттарын ресімдеуге көмектескен.
Өз кезегінде көпбалалы ана А.Айымбекке өз міндеттерін адал атқарғаны және әдепті қарым-қатынасы мен тиянақтылығы үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ көші-қон қызметінің ұжымына табыс және бақ-береке тіледі.