Ақсу қаласының тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Ақсу қаласының тұрғыны Алла Пчелкинадан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өз хатында әйел Ақсу қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері Исин Нұрлан мен Асхат Кудеринге екі сағат ішінде балаларының ұрланған шанасын тауып, ұрыны анықтағаны үшін алғысын білдіреді.
Осыған дейін Алла Пчелкинаның үйінің кіреберісінде тұрған шанасын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Дереу полицияға жүгінген оның өтініші бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары өткізіліп, шана табылған.
Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі мен қиын жағдайда көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.
– Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел жұмысы үшін үлкен рахмет! Қызметтеріңізге табыс және жақындарыңызға мықты денсаулық тілеймін! – деп жазған Алла Юрьевна.