Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны жарты келіге жуық марихуананы пластикалық бөтелкеде сақтаған

Риддер қаласының тұрғыны жарты келіге жуық марихуананы пластикалық бөтелкеге салып, пештің артына жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Риддер қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтаған 43 жастағы ер адамды анықтады. Ол есірткіні пештің артында пластикалық бөтелкеде сақтаған. Одан жарты келіге жуық өсімдік тектес зат тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, Риддер қаласының тұрғынынан тәркіленген зат – жалпы салмағы 471,99 гр кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру