Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер Шиеліде жоғалған қызды тауып, аман-есен анасына тапсырды

Шиеліде жоғалған кәмелетке толмаған қыз бала табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 наурыз күні Қызылорда облысы Шиелі ауданының кезекші бөліміне сол ауданда тұратын кәмелетке толмаған 15 жастағы қыздың үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түсті.

Жоғалған қызды іздеу үшін полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция бөлімдеріне бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоғалған қыз Қызылорда қаласынан табылып, аман-есен үйіне жеткізілді. Бүгінгі таңда жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларға қатысты жасалатын қылмыстарға жол бермеу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында жасөспірімдерге бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру