Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай ауданы Полиция басқармасы «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасын қорытындылады

Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 23-30 наурыз аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара аясында Абай ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері түнде рейдтік жұмыстар жүргізді. Рейдтер барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, олардың ата-аналарына қатысты тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.

Іс-шараның нәтижесінде Абай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) 97 ескерту жасалды, ҚР ӘҚБтК 442-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) 3 хаттама толтырылды, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабының 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) 3 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ішкі істер органдарының есебіне сегіз жасөспірім және бір қолайсыз отбасы қойылды.

Осы орайда Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ата-аналар мен олардың заңды өкілдеріне жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру