Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ұрыны “ізін суытпай” ұстады

Бұрын сотты болған Қызылорда тұрғыны бөтен біреудің көлігінен жеке мүлкін қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын үйінің ауласында тұрған “БМВ” автокөлігінің ішінен жеке мүлкі, магнитоланың дыбыс күшейткіші мен кілттер жинағы ұрланғаны жөнінде хабарлаған. 

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері осы қылмысты жасауға қатысы бар 26 жастағы қала тұрғынын құрықтады.Бұрын сотты болған күдіктіден ұрланған заттар алынды.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе сот шешімімен оның мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру