Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері 5 күн ішінде 26 мас жүргізушіні ұстады

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 5 күнде 26 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі сағат 03.00 шамасында Жұмабаев-Абай көшелерінің қиылысында полиция патрулі тексеру үшін «ВАЗ-2110» көлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде отырған 21 жастағы қала тұрғынынан алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру  оның масаң күйде екенін көрсетті. Полицейлердің неліктен масаң күйде көлік құралын басқаруға жол бергені туралы сұрағына жас жігіт шұғыл ақша қажет болғандықтан, жақын маңдағы банкоматқа бардым деп түсіндірген. Оның айтуынша, үстелдегі тамақ таусылғандықтан, жеткізу қызметіне тапсырыс бермекші болған.

Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша хаттама толтырылды.

– Соңғы 5 күнде облыста 26 мас жүргізуші ұсталды. СҚО-да 26-31 наурыз аралығында «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Әрбір адамға ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отыру – салдары ауыр болатын жол-көлік оқиғаларын жасауға әкеп соқтыратынын түсіну маңызды. Іс-шараның мақсаты – жолдардағы апат деңгейін азайту, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Іс-шара барысында өңірде 2477 құқық бұзушылық анықталды, оның  236-сы жылдамдықты асыру, 80-і маневр жасау қағидаларын бұзу, 38-і бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өтіп кету болып табылады.

Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларынан ережені қатаң сақтауды, өмірі мен денсаулығын қатерге тікпеуді сұрайды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру