Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полициясында 122 тергеуші қызмет етеді

СҚО полициясында 122 тергеуші қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев ведомствоның аппараттық кеңесінде екі тергеуші мен екі қызмет ардагерін марапаттады. Тағы екі қызметкер кезекті арнаулы атақтарын алды. Барлық марапатталғандар полицияның тергеу бөліністерінде қызмет етеді. 6 сәуір күні жедел қызмет қызметкерлеріне жақсы таныс. 58 жыл бұрын дәл осы күні жарлық шығып, алдын ала тергеу құқығы ІІМ берілген болатын. Аппараттық кеңесті бастаған Марат Төлебаев солтүстікқазақстандық полицияның барлық тергеушілерін елеулі күнмен құттықтады. Ол тергеу жоғары теориялық білімді, өзін үнемі жетілдіруді, сондай-ақ психологиялық шыдамдылықты талап ететін жетекші қызметтердің бірі болып табылатынын атап өтті. Облыста 122 тергеуші қызмет етеді, оның 21-і облыстық аппаратта, мұнда ауыр, аса ауыр және резонанстық қылмыстар тергеледі.

Қызметте табысқа қол жеткізгендері үшін жас қызметкерлер Петропавл қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Баян Досжанова және Айыртау ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Уәлихан Мұхтаров алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, ардагерлер – Атымтай Аманжол мен Күлбарам Бакеноваға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Оларға ерекше құрмет көрсетіліп, алғыс білдірілді. Тергеуде ондаған жыл қызмет еткен зейнеткерлер қазір де еңбек етуде: қалалық полиция басқармасында шеф-нұсқаушы қызметінде жас тергеушілерге көмек көрсетіп, кәсіби тәжірибелерімен бөліседі. Сондай-ақ, әріптестерінің қошеметтерімен «полиция подполковнигі» арнаулы атағын Полиция департаменті Тергеу басқармасының аға тергеушісі Әсел Даркеева және Полиция басқармасының аға тергеушісі Әлия Ешпенова алды.

СҚО Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы Қайрат Қасымбековтің айтуынша, соңғы жылдары ІІМ бастамасымен дамыған елдердің әдісі бойынша қылмыстық саланы жаңғыртуға шаралар қабылдануда. Полиция, прокуратура және сот органдары арасында өкілеттіліктері мен жауапкершіліктерін бөлумен, қылмыстық процестің үшбуынды моделі енгізілуде. ІІМ жүйесінде цифрландыруды енгізу алғашқы кезекте тергеушілер жұмысымен байланысты болды. Бүгінгі күні облыстық полиция бөліністерінде 83,2% қылмыстық іс электронды форматта тергелуде, өткен жылғы желтоқсанда бұл көрсеткіш 50%-дан сәл ғана асқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру