Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте үздік тергеушілер марапатталды

Шымкентте үздік тергеушілер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерінің жұмысы қауіп-қатерге толы екені белгілі. Ал бұл сала ішінде тергеушілердің орны аса маңызды. Аталмыш мамандық иесіне кейде ауыр қылмысты ашу үшін тәулік бойы көз ілмеуге, отбасынан жырақ кетуге тура келеді. Сол себепті бұл қызметке таңдаулы мамандар ғана шақырылады.

Бүгінде Шымкент қаласы Полиция департаментінде міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тергеушілер аз емес. Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Тергеушілер күніне орай Шымкент қаласы ПД және аудандық полиция басқармаларының үздік тергеушілері марапатталды.

Атап айтсақ, департамент бастығының “Грамотасымен” 18 қызметкер, департамент бастығының “Алғыс хатымен” 19 қызметкер марапатталды. Тынымы жоқ, бейнеті көп кәсіп иелері алдағы уақытта да өз қызметін абыроймен адал атқарып, халық игілігі жолындағы еңбектерін жалғастыра бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру