Өскеменде коммуналдық қызметтің жалған қызметкері ұсталды
Өскеменде коммуналдық қызметтің жалған қызметкері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102″ жедел арнасына 86 жастағы зейнеткер хабарласып, белгісіз ер адамның пәтеріне келіп, өзін «Өскемен жылу жүйелері» АҚ қызметкері ретінде таныстырып, ыстық су пломбасын ауыстырамын деген сылтаумен оның ақша қаражатын алдау жолымен иемденгені туралы жүгінген.
Сол күні тағы бір 79 жастағы зейнеткер осындай өтінішпен жүгінді, онда белгісіз тұлға оның зейнетақы жинағын алдау жолымен иемденген.
– Жедел-іздестіру іс – шараларын жүргізу кезінде Өскемен қ. ПБ криминалдық полиция қызметкерлері патрульдік полиция взводымен бірлесіп «Сергек» АБК бейнебақылау камерасының көмегімен ізін суытпай жас ер адамды анықтап жеткізді. Ол тергеу іс-әрекеттері барысында, ер адам 1986 ж.т. Алматы облысының тұрғыныекенін анықталды. Келтірілген шығын көлемі анықталуда, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Ұсталған ер адам Өскемен қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, ШҚО Полиция департаменті бейтаныс, соның ішінде өзін әртүрлі әлеуметтік (коммуналдық) қызметтердің қызметкерімін дептаныстыратын адамдарға пәтердің (үйдің) есік ашпауға кеңес береді. Қандай жағдай болса да, әлеуметтік (коммуналды) қызметкерлерінен құжаттарын көрсетуін талап еткен жөн. Көршілерді шақыру, тиісті мекемелерге қоңырау шалыполардың өз қызметкерін жіберген-жібермегенін, аты-жөнін сұрау немесе «102″ телефонына келген «келушілер» туралы хабарлау артық болмайды.