Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жыл басынан бері мас күйде 461 жүргізуші ұсталды

Алматыда жыл басынан бері мас күйде 461 жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш ай ішінде қатардағы бөлімшелерінің қызметкерлері мас күйінде автокөлікті басқарған 460-тан астам жүргізушіні ұстады. Жол ережелерін бұзушыларға кемінде 15 тәулікке қамауға алу және кемінде жеті жыл көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік шаралар қолданылды.

– Құқық бұзушылықтың осы түріне қатысты жазаның қатаңдатылғандығына қарамастан, алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік жүргізетін жүргізушілер әлі де бар. Көп жағдайда бұл көбіне осылай болады: топтасқан адамдар ішімдікті ішіп алады да, кейіннен үйлеріне көліктеріне отырып барады. Өзінің қылмыстық әрекетімен ол “А” нүктесінен “Б” нүктесіне қауіпсіз жетуге үміттенеді. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, көбінесе осы әлеуетті өлтіруші-жүргізушілердің кінәсінен ауыр салдары бар ауыр апаттар орын алады. Мас жүргізушілерді тоқтатып, оларды анықтағанда, дәрі-дәрмектерді іштік немесе бірнеше метр ғана жүрдік деп сендіріп, алдауға тырысады, ал кейбіреулері тұра мағынасында жауапкершіліктен қашып кеткісі келеді. Бірақ ақталудың қажеті жоқ, егер мас болатын нәрсені қолданғысы келсе, рөлді ұмыту керек, ешқандай да көлікті жүргізуге болмайтындығын әрбірі түсінуі керек. Түзетуге келмейтін салдары болуы мүмкін. Шындық: мас адам рөлде отырса – қылмыскер, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру