Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда 66 жастағы ер адам есірткімен ұсталды

Ақтауда 66 жастағы ер адам есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізіліп, бақылау мақсатында С. есімді азаматтан салмағы 1,9 грамм “героин” есірткісін сатып алу операциясы жүргізілді.

Бұдан әрі 2021 жылы 2 сәуірде сағат 15:00 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде тұрғылықты жері бойынша пәтерден 66 жастағы азамат С. ұсталды. Тінту барысында пәтерден:
– салмағы 30 грамм болатын “героин” есірткі заты бар шыны банкі;
– салмағы екі грамм “героин” есірткі заты бар бір қағаз түйіншек;
– бір дана “ПМ” маркалы тапанша және екі дана тапаншаның оқ-дәрісі;
– бір дана “Стражник” маркалы тапанша, тоғыз дана оның оқ-дәрілері;
– үш дана қолдан жасалынған пышақтар;
сондай-ақ, пәтердің тоңазытқышынан салмағы бес келіні құрайтын бекіре тұқымдас балықтардың төрт данасы табылып, алынды.

Одан әрі ұсталған азаматтың “Шығыс-1” ықшам ауданындағы салынып жатқан үйінде жұмысшы 60 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы болған. Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде үйден:
– бір дана “ОСА Лазер” маркалы тапанша, үш дана оның оқ-дәрілері;
– бір дана қолдан жасалған пышақ табылып тәркіленді.

Тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша ұсталған азамат Ақтау қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал шетелдік азамат қазіргі уақытта қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Аталған қылмыстық іс бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, қосымша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру