Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда облыстық балалар клиникалық ауруханасын “миналаған” күдікті ұсталды

Қарағандыда облыстық балалар клиникалық ауруханасын “миналаған” күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 сәуірде сағат 20.59-да Қарағанды қаласының ПБ жедел басқару орталығына белгісіз біреуден қоңырау түсіп, жарылғыш зат облыстық балалар клиникалық ауруханасының ғимаратына қойылғаны туралы хабарлады. Оқиға орнына кезекші бөлім мен тиісті қызметтер жұмылдырылып, облыстық клиникалық аурухана ғимараты мен оған іргелес аумақты мұқият тексеру кезінде жарылғыш зат табылған жоқ.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдікті – 29 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынын ұстады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсталғанға қатысты бұлтартпау шарасы “қамауға алу” таңдалды.

Айта кету керек, күдікті осы жылдың қаңтар айында Қарағандыда облыстық клиникалық аурухананы “миналап” үлгерген. Өткен жолы 300 адам медициналық мекемеден эвакуацияланған болса, бұл жағдайда ешқандай эвакуация болмады.

Облыстық полиция департаменті азаматтарды ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (Терроризм актісі туралы жалған хабарлау) бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады деп ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру