Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жылжымайтын мүлік орталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

ШҚО-да жылжымайтын мүлік орталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102″ жедел арнасына Тарбағатай ауданының 60 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол 2020 жылдың қазан айында жылжымайтын мүлік агенттігінің кеңсесінде жүрген белгісіз әйел ипотекалық бағдарлама бойынша пәтерді ресімдеуге көмек көрсету сылтауымен 3 786 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлады.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осы жылжымайтын мүлік агенттігінің 31 жастағы директорын ізін суытпай анықтап және ұстады. Қазіргі уақытта оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – деп хабарлады ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ШҚО Полиция департаменті алаяқтардың айла-амалдарына түспеудің бір амалы қырағылық танытуға кеңес береді. Алаяқтардан қорғаудың негізгі әдісі егжей-тегжейлі келісім-шарт жасасу және құжаттарды мұқият тексеру. Сондай-ақ, алдын-ала төлем мәселелерінде абай болу керек. Төлем шартқа қол қойылғаннан кейін ғана төленуі керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру