Шымкентте карантин ережелерін елемеген бильярд клуб анықталды
Шымкентте карантин ережелерін елемеген бильярд клуб анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкенттің бас санитар-дәрігері адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс шараларды өткізуге тыйым салатын жаңа қаулы шығарды. Жаңа қаулы бойынша Шымкентте карантин шаралары 12 сәуірден 26 сәуірге дейін күшейтіледі. Ресми мәліметтерге сүйенсек Шымкентте 7 сәуір күні коронавирустық инфекцияның 81 жағдайы тіркелген. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, арнайы жасақталған мобильді топ өкілдері карантин ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтуде.
Алайда шектеу шараларына қармастан карантиндік талаптарды сақтамау жайттары орын алуда. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтуде. Мәселен 8 наурыз сағат 01:00 шамасында Бәйтереков көшесі бойында орналасқан «КРОК» бильярд клубы 23:00-ден кейін жұмыс жасап жатқаны анықталды.
Тексеру барысында мекеме қызметкерлері бір реттік бетпердені мүлдем тақпағандығы, келушілердің дене қызуын өлшейтін құралы және кіру орнында дизковрик жоқ екендігі анықталды. Нысан әкімшісінен түсініктеме алынып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға, яғни аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Еске салсақ, 7 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес Шымкент «сары» аймақта орналасқан.