Ақмолалық полицейлер досының атына несиені жасырын рәсімдеген тұрғынды анықтады
Ақмола полицейлері досына онлайн-несие ресімдеп, оны одан жасырған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 сәуірде Бұланды ауданының ПБ кезекші бөліміне белгісіз біреулер оның атына 55 мың теңге сомаға үш онлайн-кредит ресімдеді деген өтінішпен Макинск қаласының 28 жастағы тұрғыны жүгінді.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Жарты жыл ішінде несие бойынша қарыз өсіп, 115 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің досы болып шықты.
Тергеу көрсеткендей, өткен жылы күдікті жәбірленушінің құжаттарына қол жеткізе алған. Ал ер адам оңай пайда алу үшін қылмыстық ниетке ие болды. 2020 жылдың қыркүйегінде жәбірленушінің шотына ақша келіп түсті, ал күдікті ақшаны туыстары жібергенін айтты және оларды шешіп, оған беруді өтінді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер істің мән-жайын анықтап жатыр.
Өз кезегінде Ақмола облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өздерінің жеке деректері мен банк кодтарын бөліспеуге кеңес береді. Банк карточкаларымен, жеке куәліктермен және басқа да құжаттармен мұқият болу керек. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.