Шымкентте карантин ережелерін елемеген рестобар анықталды
Шымкентте карантин ережелерін елемеген рестобар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкентте карантин шаралары 12 сәуірден 26 сәуірге дейін күшейтіледі. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, арнайы жасақталған мобильді топ өкілдері карантин ережелерінің сақталуын бақылауды күшейтуде.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері 8 сәуір күні сағат 21:35 шамасында карантин ережелерінің сақталуына бақылау жүргізу барысында кезекті көңіл көтеру орнының келушілерге қызмет көрсетіп жатқаны анықталды. Әл-Фараби алаңы «Шымкент плаза» сауда үйі ғимаратында орналасқан “WOK WOK” рестобарының әкімшісінен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы бойынша түсініктеме алынып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін тиісті органға, яғни аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.