Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қайыршылықпен айналысқан жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Шымкентте қайыршылықпен айналысқан жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 14 сәуір күні жергілікті тұрғын Шымкент қаласының Полиция департаментінің «Whatsapp» желісіндегі «Жедел әрекет ету» чатына қаладағы Диваев және Мәделі Қожа көшелерінің қиылысында жасөспірім бала қайыршылықпен айналысып жүргені бойынша хабарлама жолдаған.

Аталған хабарламаны тексеруге сол аумақтың Әл-Фараби АПБ-ның ювеналдық полиция инспекторы көрсетілген орынға келіп, жасөспірімді анықтады. Жасөспірімнің жеке басын және оның ата-анасын анықтау мақсатында оны Әл-Фараби АПБ-на жеткізді.

Аталған жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) әкімшілік хаттама толтырылып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатын болады. Сондай-ақ, ата-анасына жасөспірім жасаған іс-әрекетімен өзіне және жол қозғалысы қатысушыларға қауіп төндіргенін айтып, осыған ұқсас жағдай қайталанбау мақсатында профилактикалық сұхбат жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру