Қарағандылық жедел уәкілдер базардан арба ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады
Қарағандылық жедел уәкілдер базардан арба ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 сәуірде Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөліміне базарда сатушыдан тауарлары бар арба ұрланғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Келген полиция жасағы 54 жастағы қала тұрғынының арбада 113 мың теңге көлемінде азық-түлік тауарлары болғанын түсіндірген өтінішін қабылдады.
Полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оның барысында күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған 31 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Ер адамның айтуынша, базардан шыға берісте ол азық-түлік салынған арбаны көрген. Иесін іздеп жан-жағына қарағанда, жақын жерде ешкім болмағандықтан арбаны азық-түлігімен бірге алып кеткен.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.