Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлердің заңды талабына бағынбай, қарсы бағытқа шыққан мас жүргізуші ұсталды

Түркістан облысында полицейлердің заңды талабына бағынбай, қарсы бағытқа шыққан мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбековтің тапсырмасына сәйкес, облыс көлемінде жол қозғалысын реттеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жүргізушілердің жолда жүру ережесін сақтауына нүктелік рейдтік іс-шаралары жүргізілуде. Осы бағытта Жетісай АПБ-нің полицейлері де тәулік бойы рейдтік іс-шараларды қарқынды жүргізіп келеді.

Шараның аясында Жетісай АПБ ЖПҚБ орынбасары Мұхтар Абибуллаев, М.Әуезов көшесінің бойында сағат кешкі 19:00 шамасында «Opel Vectra» маркалы автокөліктің жүргізушісін жылдамдықты шектен тыс асырып айдап келе жатқаны үшін тоқтатады. Алайда аталған автокөлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің «ТОҚТА» деген заңды талабына бағынбастан, әкімшілік жауапкершіліктен жалтару мақсатында автокөлігін одан әрі басқарып, қарсы бағытқа өтіп, қатты жылдамдықпен Жетісай қаласының көшелерімен қаша жөнеледі. Содан тәртіп сақшылары қызметтік көліктерімен соңынан қуып, екі шақырым қашықтықта орналасқан Ш.Уәлиханов көшесінің бойында құқық бұзушының ары қарай қашуына мүмкіндік бермей ұстайды.

Автокөлік жүргізушісімен сөйлесу барысында оның спирттік ішімдік ішкеніне күдік келтіріліп, Жетісай аудандық орталық ауруханасынан медициналық куәландырудан өткізіледі. Оның «орта дәрежелі» мас халде екендігі анықталып, автокөлігі айыптұраққа қойылады.

Нәтижесінде ережені өрескел бұзған, онымен қоймай ішімдік ішіп көлік тізгіндеген жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Автокөлікті масаң халде басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдарды полицейлер заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберді. Соттың шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен (Қарама-қарсы бағытқа шығу), 613-бабының 1-бөлігімен (Полиция қызметкерінің тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін) және 606-бабының 1-бөлігімен (Авариялық жағдай туғызып автокөлік басқарғаны үшін) әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, жалпы 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ескертеді: мас халде көлік басқармаңыз, жылдамдықты асырмаңыз! Жол қозғалысы ережелерін сақтап, тәртіпке бағыныңыздар. Ең бастысы мас күйде рульге отырмаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру