Ақмола жол полицейлері жолда қалған тұрғынға көмек көрсетті
Ақмола жол полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жолда көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күн сайын Ақмола облысы ПД әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарына алғыс сөздерімен көптеген посттар келіп түседі.
Кейбіреулер өзінің қолданыстағы «Instagram» парақшасына салады, дәл солай ақмолалық тұрғын өзінің белсенді парақшасына орналастырды. Өз постында ер адам мемлекеттік нөмірі «4444/03» қызметтік автокөлікте патрульдеген полиция қызметкерлерін атап өтті.
Бұл Ақмола облысы ПД патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторлары Қайрат Сапарғожин мен Айзат Қалықов.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметіне жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның қатысушылары арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сондай-ақ күн сайын полиция қызметкерлері тек кәсібилік емес, сонымен қатар қиыншылыққа тап болған және көмекке мұқтаж адамдарға жанашырлық танытатынын айта кету керек.
Мысалы, ағымдағы жылғы 17-18 сәуірге қараған түнде «Нұр-Сұлтан – Щучинск» автожолында, Мықтыкөл кентінің жанында, үйіне бара жатқан Ақкөл қаласының тұрғынынының көлігі бұзылды, ауа райы нөлден төмен болғандықтан көлік жүргізушісі тоңып қалған болатын. Алайда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жол полицейлері көлікті көріп, мән-жайды анықтауды шешті.
Көліктің жүргізушісі қатты тоңғандықтан, ол жылыну үшін қызметтік автокөлікке ауыстыруға тура келді. Уақыт кеш болғандықтан, олар жүргізушіні Ақкөл қаласына үйге жеткізуді ұйғарды.
Патрульдік полиция қызметкерлері өз іс-әрекеттерін ерекше деп санамайды, көбінесе олар туралы ешқайда хабарламайды.
Олардың басты міндеті – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көптеген жүргізушілер мен жолаушылар үшін қиын жағдайда полицейлер жалғыз үміт болып табылатынын айта кету керек.
– Қиын сәтте әрдайым көмектесетін қызметкерлер бар екені қуантады…, – деп түйіндеді өз постында риза болған «Instagram» қолданушысы.