Жөндеу жұмыстарын жүргізген қызылордалық жұмысшы үй иесінің ұялы телефонын қолды қылды
Жөндеу жұмыстарын жүргізген қызылордалық жұмысшы үй иесінің ұялы телефонын қолды қылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының соңында Қармақшы ауданы Жосалы кентінің 40 жастағы тұрғынының ұялы телефоны ұрланған болатын. Орын алған деректі тексеру барысында үй иесінің ұялы телефонын оның үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізген жұмысшының ұрлағандығы белгілі болды. Үй иесінің ұрланған телефоны айғақ зат ретінде тәркіленді.
Қазіргі уақытта ұрлық жасаған 43 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.