Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлік сатып алмақ болған ШҚО тұрғыны алаяққа тап болды

Автокөлік сатып алмақ болған ШҚО тұрғыны алаяққа тап болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Өскемен қ. ПБ Солжағалау ПБ-не облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны жүгініп, наурыз айының соңында оның танысы өз автокөлігін бөліп сату сылтауымен жәбірленушінің 860 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгенін хабарлады.

– Өскемен қ. ПБ Солжағалау ПБ тергеу-жедел тобы Ұлан ауданының 32 жастағы тұрғынын жеткізді, ол жауап алу барысында кінәсін мойындады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ШҚО Полиция департаменті автомобильді әсіресе бейтаныс адамдарға бөліп төлеуге сатпауға кеңес береді. Егер көлік құралын бөліп сату туралы шешім әлі де қабылданса, онда сіз сатып алушыға көлік құралының төлқұжатын бермеңіз және барлық қаражат қолыңызға түспегенше сатып алу-сату шартына қол қоймаңыз. Сатып алушыдан нотариуспен куәландырылған төлемдер туралы қолхат талап етіңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру