Қызылорда облысында заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды
Қызылорда облысының полицейлері заңсыз балық аулаған кезекті браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 сәуірде Қызылорда облысы ПД қызметкерлері Арал-Балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп «Уылдырық-2021» іс-шарасы кезінде заңсыз балық аулаудың дерегін анықтады.
Атап айтқанда, Арал ауданы, Сырдария өзені жағасындағы тыйым салынған аймақта қайықпен ау салу арқылы 100 кг «тран» және 37 кг «көк серке» балығын заңсыз аулағаны үшін жергілікті тұрғын ұсталды. Айғақ заттар ретінде қайық және ау алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен (Заңсыз балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.