Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда автокөлік бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері көліктерден ұрлық жасады деген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде автокөліктерден ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы елордалық тұрғынды ұстады. Тергеу барысында күдіктінің түнгі уақытта тұрғын үйдің ауласында дабылдың жоқтығын және «Мазда» маркалы автокөлігінің есігі ашық екенін пайдаланып, салонға кіріп, аккумулятор мен магнитоланы ұрлағаны анықталды.

Сол түні ол тағы бір көліктен ұрлық жасаған. Ер адам автокөліктің капотын ашып, аккумуляторды ұрлап кеткен. Ол ұрланған затты металл сынықтарын қабылдау пунктіне өткізген.

Бұрын сотты болған күдікті кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтың осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру