Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда зейнеткер қылмыскердің құрбаны болды

Павлодарлық полицейлер зейнеткердің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті подъездің ішінде зейнеткерге қатысты зорлық-зомбылық қолданып, 100 мың теңге сомасындағы алтын сырға мен алқасын жұлып алған.Қабылданған шаралар барысында жедел уәкілдер 33 жастағы павлодарлықты ұстады.

– ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері оның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеруде, – деді Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру