Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мекемеге 57 миллион теңге көлемінде шығын келтірген ұрылар ұсталды

Қызылордада мекемеден 57 миллион теңгеге бағаланған құнды кабельдерді ұрлаған ұрылар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Жаңақорған аудандық ПБ-на мекеме басшысынан мекеменің салынып жатқан электростанциясынан алюминийден жасалған құнды кабельдердің ұрланғандығы туралы арыз түсті.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі 1, 3-тармақтары бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Орын алған ұрлық салдарынан мекемеге 56 797 824 теңге көлемінде шығын келтірілген.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде ауданның үш тұрғыны қолға түсті. Олар ағымдағы жылдың наурыз айының 15-і мен сәуір айының 12-сі аралығында қымбат кабельдер мен металл өнімдерін ұрлап, Жаңақорған-Шалқия тас жолына дейін жаяу тасып, одан әрі кент орталығына ұрланған заттарды автокөлікпен жеткізіп отырған.

Алюминий кабельдерін облыс аумағындағы металл қабылдайтын орындарға өткізген және көрші өңірлерге жіберіп отырған. Ұрланған заттардың бір бөлігі айғақ зат ретінде тәркіленді.

Күдіктілер Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру