Павлодарда ұрыны көрген көрші полицияға хабарласты
Павлодар қаласында ұрыны көрген көрші полицияға хабарласты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, үйдің сыртқы жағынан екінші қабатта орналасқан көрші пәтерге ұры кіріп жатқанын хабарлады.
Полиция қызметкерлері пәтерге барып, үй иесімен сөйлескен. Ол есіктің кілтін үйде ұмытып кеткендіктен, үйге балкон арқылы кіргуге мәжбүр болғанын айтты.
Қала тұрғыны көршісінен қолайсыздық үшін кешірім сұрап, ұқыптылық пен қырағылық үшін алғыс айтты.
Павлодар облысының полицейлері үйіңіздің ауласында немесе кіреберісте күдікті адамдар немесе компанияларды көрсеңіз, тез арада 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.