Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысының полицейі көлігі бұзылған жүргізушіге көмектесті

Жамбыл облысының полицейі көлігі бұзылған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Жамбыл облысының ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Таңат Әлішев «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезіндегі аумақты аралау барысында Меркі ауданы Аспара ауылының маңындағы жолдың жиегінде апаттық белгісі іске қосылған автокөлікті байқады.

Жолда тұрған көлікке жақындаған тәртіп сақшысы орын алған жағдайды сұрап біліп, өз көмегін ұсынды. Белгілі болғандай, көлік қозғалтқышының белбеуі жыртылған екен. Көп ойланбастан, полиция қызметкері көлікті Тараз қаласындағы ең жақын техникалық қызмет көрсету станциясына дейін сүйреп апарып, әрі қарай қызметін жалғастыруға шықты.

Жергілікті тұрғын полиция қызметкеріне назар аударғаны және көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, әлеуметтік желілерде видеоларымен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру