Қызылордада екі күн бұрын жоғалған бала өлі күйінде табылды
Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екі күн бойы жоғалған Альтаир Бахытты іздестіру жұмыстарына Полиция департаментінің, қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаменті, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
– Бүгін, 29 сәуір күні жергілікті уақыт сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Орын алған оқиға бойынша тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда.
Кішкентай Альтаирдың ата-анасы мен туыстарының ауыр қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.