Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

4 күн ішінде Ақтөбе полицейлері 28 мас жүргізушіні анықтады

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын төрт күн ішінде Ақтөбе полицейлері 28 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 26-29 сәуір аралығында қоғамдық орындар мен көшелерде қылмыстардың алдын алу және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.Іс-шараның мақсаты – облыс аумағында жедел жағдайды сауықтыру, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, болдырмау және өзге де құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу, сондай-ақ әкімшілік-құқық бұзушылық деректерін анықтау.

Іс-шараның төрт күнінің нәтижесі бойынша тіркелген 68 қылмыстың 42-сі ізі суымай ашылса, іздеуде жүрген төрт адам ұсталды.

Тыйым салынған заттар, яғни қару-жарақ және суық қару ұстаудың 146 дерегі анықталды.
– тіркелмеген атыс қаруын және оқ-дәрілерді заңсыз алып жүрудің – жеті дерегі;
– есірткі заттарын алып жүру – төрт;
– суық қару (пышақ) алып жүрудің 135 дерегі.

Мысалы, Темір ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен мал шаруашылық қожалығының малшысынан заңсыз сақтап жүрген дара ауызды аңшы қаруы тәркіленді. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Жол жүру Ережесін бұзудың 1211 дерегі анықталды, оның ішінде 28 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарса, жылдамдықты шамадан тыс асырудың 343 дерегі анықталды, қарсы бағытқа шығып кетудің 27 дерегі, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу 138 және жаяу жүргіншілердің жолдан өту ережесін бұзудың 398 дерегі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру