Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері науқан өткізді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекеме қызметкерлері 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Береке бастауы бірлік, ел іші татуы тірлік» атты науқанын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/15 мекеме қызметкерлері өз тарапынан Отан соғысына қатысқан, тыл ардагерлері, сонымен қатар, мекемеде бірнеше жыл қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді ынтымақ күнімен құттықтады. Ардагерлердің үйіне барып,  азық-түлік себептері мен ақшалай сыйлықтар тарту етті.

– Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осыған орай мекеме қызметкерлері оннан астам тыл ардагері мен зейнеткерді құттықтап, үйлеріне барып қайтты. «Қарты бар ел – қазыналы ел» деп, елiмiзде аға толқын өкiлдерiне ерекше көңiл бөлеміз. Қазақстанның бірлігі мен ынтымақтастығы нығая берсін, – дейді мекеме бастығы Роллан Жумажанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру