Ақтөбеде қабылдау-тарату орнына 74 адам орналастырылды
Ақтөбеде қабылдау-тарату орнына 74 адам орналастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша белгілі тұрғылықты жері немесе құжаттары жоқ адамдар үшін қабылдау-тарату орны жұмыс істейді. Қабылдау-тарату орны 36 төсек-орынға арналған. Төрт ай ішінде қабылдау-тарату орнына 74 адам орналастырылды, оның 10-ы - әйел.
Қабылдау-тарату орнын құрудағы негізгі мақсат - тұрғылықты жері белгісіз адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсету, сондай-ақ криминогендік жағдайды төмендету, қалада санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.
Полиция қызметкерлері тұрақты негізде тұрғылықты жері жоқ адамдардың есебін жүргізеді, сондай-ақ үйсіз адамдар көп жиналатын жерлерде рейдтер ұйымдастырады, олармен профилактикалық іс-шаралар өтеді.
Бұдан басқа, ПД ӘПБ МСУ және Ақтөбе қаласының ПБ қызметкерлері 65 төсек-орын бөлімшесі бар, түнде 20 төсек-орынға орналастыру бойынша "Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтендіру орталығы" КММ-мен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асыруда.