Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жыл басынан бері 329 алаяқтық қылмысы тіркелді

Қызылордада жыл басынан бері 329 алаяқтық қылмысы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда ҚПБ бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Сәкен Сыздықтың қатысуымен  брифинг өтті. Брифингте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қалалық ПБ-мен 2021 жылдың төрт айында атқарылған кешенді жұмыстар, алаяқтық дерегімен тіркелген қылмыстардың жәй-күйі туралы баяндалды. Қала көлеміндегі атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижесінде қылмыстардың тіркелуі 1112 –ден 974-ке (12,4 пайызға) төмендеген. Дегенмен, алаяқтық қылмыстың тіркелу көрсеткіші 71,4 пайызға жоғарылаған. Жыл басынан бастап 329 алаяқтық қылмысы тіркелсе, оның ішінде әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтық (ақша табу, несие алып беру, ақшаны екі есе көбейту туралы пирамида түрлері) 77-ден 220-ға дейін жоғарылаған.

– Қазіргі уақытта ең көп тіркеліп жатқан алаяқтық қылмыстарының ішінде әлеуметтік желі арқылы көп пайда табу немесе азаматтардың сыртынан онлайн несие алу болып отыр. Қылмыстық істерге талдау жүргізу барысында несие беріп отырған мекемелердің барлығы Алматы қаласында орналасқан «Кредит24», «Онлайн Финанс», «Займер», «Выгодный кредит» тағы сол сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, – деді Сәкен Сыздық
Аталған серіктестіктер тарапынан несие рәсімдеу барысында біршама кемшіліктерге жол беретіні анықталып, оны жою бағытында және серіктестіктердің қызметіне уақытша шектеу қоюға Алматы қаласының Әділет Департаментіне, тиісінше серіктестіктердің басшыларына қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының талабына сай басқарма тарапынан ұсыныс жолданды.
Алдағы уақытта алаяқтықпен істі болып соттан өткен тұлғалар бойынша фотосуреттер сауда орындары мен халық көп шоғырланатын жерлерге және қоғамдық көліктердің ішіне қою жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру