Ақтөбе облысының Полиция департаментінде мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті
Ақтөбе облысының Полиция департаментінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов пен ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталин қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ІІО қызметкерлері мен ҰҰ әскери қызметшілерінің монументіне гүл шоғын қойды.
Салтанатты шарада Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов құттықтау сөз сөйлеп, ІІО, Ұлттық ұлан ардагерлерін және жеке құрамды Жеңіс күнімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен ПД ӘПБ бастығының орынбасары Руслан Исабековке мерзімінен бұрын полиция полковнигі, Ақтөбе қ.ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Ермек Шукановқа полиция подполковнигі атағы берілді.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары Бақтияр Әлиев пен Айбек Бұхарбаевқа бір саты жоғары полиция майоры атағы берілді.
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен учаскелік полиция инспекторы Жәнібек Шагиров марапатталды.
Сонымен қатар, төрт қызметкер 1-дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, бір қызметкер ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен, жеті қызметкер ҚР ІІМ грамотасымен марапатталды, бес қызметкерге алғыс жарияланды және екі қызметкерден бұрын қолданылған жаза алынып тасталды.