Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының 50-ден астам полицейі марапатталды

Жеңіс күнінің 76 жылдығы мен Отан қорғаушылар күні қарсаңында Түркістан облысының 50-ден астам полицейі марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін, Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекелерін атап өтті. Салтанатты шараның басында Түркістан облысы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының бастығы Мақсат Асқаров өз құттықтау сөзін айтып өтті.

Ол Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктерін, Елбасы басшылығымен жасалған қоғамдық тұрақтылық пен өркендеудің, саралы саясатының арқасында Қазақстан Республикасының қүннен-күнге дамып келе жатқандығын тілге тиек етті.

Салтанатты жиынға карантин талаптарын сақтай отырып, департамент басшылары мен қызметкерлері, жеке құрамдар, полиция ардагерлері, аудан мен қалалық полиция бөлімдері мен басқармаларының қызметкерлері қатысты. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен кезектен тыс полиция полковнигі арнаулы атағы, Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сұлтанбек Үсіпбековке табысталды. Сонымен қатар кезектен тыс полиция подполковнигі арнаулы атағы, Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекция бөлімінің ерекше тапсырмалары жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлібек Мәмбетәлиевке берілді.


Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін төсбелгісімен полиция подполковнигі Мамырайым Нұрманов, полиция старшинасы Қалижан Ергебеков,
ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен полиция майоры Дмитрий Буташев, полиция полковнигі Ержан Бекмұратов, полиция аға лейтенанты Айгерім Оразбек марапатталды.

ІІ дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” омырау белгісімен полиция подполковнигі Қасымхан Жақыпов, полиция майоры Нұржан Асилов, полиция майоры Әлихан Әлентаев, полиция капитаны Асылбек Ибрагимов, полиция капитаны Мақсат Мақұлбеков және полиция старшинасы Мағауия Қанқожаевтар марапатталды.

Сондай-ақ Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес полиция капитаны Ғани Әлібеков, полиция аға лейтенанты Мақсат Бекбау, “Алғыс хатымен” полиция аға лейтенанты Әділ Абдухаймов, ардагерлер ұйымының мүшелері Үсенбек Надиров, Исабек Қарсыбаев пен Мұхитдин Жұмабековтер мадақталды. Сонымен қатар 30-дан астам қызметкерге алғыс жарияланды.

Сөз соңында Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов барша қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі мен қиын да қызықты жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде марапатталғандар, еңбектері еленгені үшін алғыс айтып, Қазақстан Республикасына қалтқысыз қызмет ететіндерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру