Түркістан облысының полицейлері есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады
Түркістан облысының полицейлері есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ-не тұрғынның бірі есірткі затын сатады деген шұғыл хабарлама келіп түседі.
Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, анықтау жұмыстарын жүргізеді.
Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты аудан көшелерінің бірінен анықтады. Тексеру барысында күдіктінің қалтасынан өзіндік өткір иісі бар зат табылып, сараптамаға жіберілді.
Сараптама қорытындысына сәйкес алынғат зат үш грамдық синтетикалық есірткі болып шықты.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен, өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ер азаматтың бас шарасы қолхатта. Есірткі пайдалану денсаулығыңызға зиян тигізеді. Сондықтан кез келген саналы адам есірткідей зиянды затты мүлдем тұтынбай, салауатты өмір салтын ұстану қажет.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі қолданып, сатумен айналысу, өсіру, сақтаудың соңы заң алдында қылмыстық жауапқа тартылумен аяқталатынын ескертеді. Сол себепті, «Қылмыстың өтеуі – жаза» екендігін естен шығармайық!