Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері мезгілсіз дүниеден озған әріптесінің зайыбын перзентханадан шығаруға көмектесті

Алматы облысының полицейлері мезгілсіз дүниеден озған әріптесінің зайыбын перзентханадан шығаруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Ескелді ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Қуаныш  Рахметов 2020 жылдың қыркүйек айында мезгілсіз жұмыс орнында дүниеден өткен болатын. Полиция қызметкерінің артында жүкті жары мен төрт бүлдіршіні қалды.

– Өкінішке қарай, әріптесіміз мезгілсіз небәрі 38 жасында ортамыздан кетті. Қуаныш Қайрылканович Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бері қызмет атқарып, осы қысқа ғана уақыт ішінде өзін білімді, сыпайы, кішіпейіл қызметкер ретінде көрсете білді. Отбасы үшін асыраушысыз қалу өте қиын жағдай. Әріптесіміздің отбасы қолдауға зәру сәтте біз шетте қалып қоя алмадық. Қазаның орнын толтыра алмасақ та, оның перзенті дүние есігін ашқан сәтте барынша көмек қолын созып әріптесімізді жоқтатпауға тырыстық, – дейді Ескелді АПБ бастығы Қайрат Баймуханов.

Өз кезегінде, мезгілсіз дүниеден озған полицейдің отбасы полицейлерге көңіл бөлгені, қамқорлығы мен қолдауы үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру