Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында өз еркімен қару тапсырғандарға сыйақы беріледі

Павлодар облысында өз еркімен қару тапсырғандарға сыйақы беріледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясын өткізу кезінде полиция қызметкерлері бес бірлік қару, оның ішінде бір бірлік ойық ұзын ұңғылы қару және төрт бірлік тегіс ұңғылы қару қабылдады.

– Павлодар облысы Ертіс ауданының полициясына Ертіс ауылының 35 жастағы тұрғыны жүгінді, ол бұрын атасына тиесілі «ИЖ-18 ЕМ-М» маркалы тегіс ұңғылы мылтықты өз еркімен тапсырды. Жиналған барлық материалдарды зерделеп, комиссия тапсырылған мылтықты төлеу туралы шешім қабылдады. Енді ауыл тұрғыны тапсырылған мылтық үшін өтемақы алады, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық Пб бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін оның техникалық жағдайына байланысты қарудың әр бірлігі үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін ақшалай қаражат төлеу көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру