Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер төтенше жағдай режимін бұзған кафе иесін анықтады

Шымкенттік полицейлер төтенше жағдай режимін бұзған кафе иесін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Еңбекші ауданы аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға тексеру жүргізді. Тексеру барысында Күншығыс шағынауданы №95/1 үйде орналасқан «Милан» кафесі карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап жатқаны анықталды. Сонымен қатар қызметкерлердің кафе ішінде бір реттік бетпердесіз жүргендігі анықталды.

Аталған деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданып, түсініктеме алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру