Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сенімге кірген алаяқ семейлік тұрғынның алтын бұйымдарын қолды қылды

Сенімге кірген алаяқ семейлік тұрғынның алтын бұйымдарын қолды қылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының полиция бөліміне 45 жастағы семейлік әйел жүгінді, ол өткен жылдың маусым айының ортасында бейтаныс жігіт алдап үйіне кіріпоның алтын алқасын, ерлерге арналған алтын білезігін және 585 сынамалы екі жұп алтын сырғасын иемденгенін айтты.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды анықтап жеткізді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру