Түркістан облысының полицейлері мұқтаж жандарға көмектесті
Түркістан облысының полицейлері жағдайы төмен отбасыға қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Игі істі сарыағаштық полицейлер жалғысбасты ана Марзия Ақбердиеваның отбасына жасады. Полиция қызметкерлері көмекке мұқтаж отбасының үйіне барып, хал-жағдайын сұрап, азды-көпті азық-түлік өнімдерін берді. Бүгінгі таңда Марзия Ақбердиева отбасында бір қыз тәрбиелеп отыр.
Өз кезегінде жалғызбасты ана полицейлерге алғысын айтып, жұмыстарына табыс тіледі. Қиын шақта қолдау білдіргендеріне ризашылықтарын жеткізді. Сондықтан бір-бірімізге қолғабыс етуден шаршамайық!