Ұрылар Алматыдағы банк терминалдарын тонады
Ұрылар Алматыдағы банк терминалдарын тонады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскөйлердің түнде жұмыс істегендігі анықталды. Бұзу арқылы олар әр түрлі банктердің терминалдарын ашып, кассетаны шығарып, ақшаларын алып, содан кейін ұяшықты құрылғыға қайта орнатқан.
– Күдіктілер қамауға алынды. Олар төртеу. Соңғы қылмысы кезінде олар терминалдан 160 мың теңгеден астам қаражатты ұрлап кеткен. Жауап алу кезінде күдіктілер осыған ұқсас төрт ұрлықты жасағандарын мойындады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша тергелуде. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Медеу аудандық ПБ-ның басшысы Дәурен Өтебаев.